Мұнайдың әлемдік бағасы едәуір көтерілді
2018 жылғы 31 мамыр 08:57

Мұнайдың әлемдік бағасы едәуір көтерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларындағы сәрсенбі күнгі сауда-саттықтың қорытындысы бойынша, мұнайдың әлемдік бағасы қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Лондонның ICE Futures биржасында шілде айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың бағасы 2,11 долларға көтеріліп, баррелі 77,5 долларды құрады.

WTI маркалы мұнайдың шілде айындағы фьючерстерінің құны Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) 1,48 долларға қымбаттап, баррелі 68,21 долларға жетті.

Jańalyqtar

MURAǴAT