Мұнайдың әлемдік бағасы едәуір арзандады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон және Нью-Йорктің шикізат биржаларында сәрсенбі күнгі сауда-саттықтың нәтижесі бойынша мұнайдың бағасы айтарлықтай арзандады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Сауда қорытындысы бойынша, Лондонның ICE Futures биржасында қазанда жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері барреліне 1,82 долларға арзандап, 72,39 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы жеңіл мұнайдың қыркүйек айындағы фьючерстерінің бір баррелі 1,1 долларға түсіп, 67,66 доллар болды.

Соңғы жаңалықтар