Мұнайдың әлемдік бағасы біршама қымбаттады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейсенбі күнгі Лондон мен Нью-Йорк шикізат биржаларындағы сауда нәтижелері бойынша, мұнай бағасы қымбаттады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Сауда нәтижесі бойынша, қазан айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай бағасы Лондонның ICE Futures биржасында 1,06 долларға өсіп, бареліне 73,45 долларды құрады.

WTI маркілі мұнай бағасы қыркүйек айындағы жеткізілімдер бойынша, Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) 1,3 долларға өсіп, баррелі 68,96 доллар болды.

Соңғы жаңалықтар