Мұнайдың әлемдік бағасы айтарлықтай төмендеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні Лондон мен Нью-Йорк шикізат биржаларында өткен сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағалары айтарлықтай төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Лондондағы ICE Futures биржасында қаңтарда жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 2,71 долларға төмендеп, 72,75 долларды құрады.

Ал, Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) желтоқсан айында жеткізілетін WTI маркалы мұнайдың фьючерстері барреліне 1,62 долларға арзандап, 63,69 доллар болды.

Соңғы жаңалықтар