Мұнайдың әлемдік бағасы айтарлықтай төмендеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні Лондон мен Нью-Йорк шикізат биржаларында өткен сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағалары айтарлықтай төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Атап айтқанда, Лондондағы ICE Futures биржасында желтоқсанда жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 3,83 долларға төмендеп, 76,24 долларды құрады. 

Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) қараша айында жеткізілетін WTI маркалы мұнайдың фьючерстері барреліне 2,93 долларға арзандап, 66,43 доллар болды. 

Соңғы жаңалықтар