Мұнайдың әлемдік бағасы айтарлықтай көтерілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларындағы бейсенбі күнгі сауда-саттықтың қорытындысы бойынша, мұнайдың әлемдік бағасы айтарлықтай қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Лондонның ICE Futures биржасында тамыз айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың бағасы 1,96  долларға көтеріліп, баррелі 77,32 долларға дейін жетті.

WTI маркалы мұнайдың шілде айындағы фьючерстерінің құны Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) 1,22 долларға қымбаттап, баррелі 65,95 долларды құрады.

Соңғы жаңалықтар