Мұнайдың әлемдік бағасы айтарлықтай арзандады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні Лондон мен Нью-Йорк биржаларында өткен сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы айтарлықтай арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Лондондағы ICE Futures биржасында қаңтарда жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 4,57 долларға төмендеп, 62,44 долларды құрады. 

Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) қаңтар айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай бағасы 3,77 долларға арзандап, барреліне баға 53,43 долларға жетті. 

Соңғы жаңалықтар