Мұнайдың әлемдік бағасы арзандай түсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон мен Нью-Йорк шикізат биржаларындағы жұма күнгі сауда қорытындысы бойынша, мұнай бағасы арзандай түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сауда қорытындыларына сәйкес, тамыз айындағы жеткізілетін, Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны Лондонның ICE Futures биржасында 2,5 долларға арзандап, баррелі 73,44 доллар болды.

Ал WTI маркілі мұнайдың құны шілдеде жеткізілетін  фьючерстерінің бағасы Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) 1,83 долларға кеміп, баррелі 65,06 долларды құрады.

Соңғы жаңалықтар