Мұнайдың әлемдік бағасы арзандады

None
Фото: redwheel.com
АСТАНА. ҚазАқпарат – Brent маркалы мұнай бағасы баррелі $80 доллардан арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ICE биржасына сілтеме жасап.

Астана уақытымен 18:45-те мамырдағы фьючерстерінің баррелі $78,74 болды. Соңғы рет мұндай көрсеткіш биыл 3 ақпанда болған еді. Бір күн бұрын мұнайдың орташа тәуліктік бағасының баррелі $82,78 долларға жеткен еді.

Мұнай АҚШ-тағы екі инвестбанктің банкрот болуы аясында арзандап жатыр.


Соңғы жаңалықтар