Мұнайдың әлемдік бағасы арзандады
2018 жылғы 22 маусым 08:56

Мұнайдың әлемдік бағасы арзандады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон мен Нью-Йорк шикізат биржаларындағы бейсенбі күнгі сауда қорытындысы бойынша, мұнай бағасы арзандай түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сауда қорытындыларына сәйкес, тамыз айындағы жеткізілетін, Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны Лондонның ICE Futures биржасында 1,69 долларға арзандап, баррелі 73,05 доллар болды.

Ал, WTI маркілі мұнайдың құны тамызда жеткізілетін фьючерстерінің бағасы Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) 0,17 долларға кеміп, баррелі 65,54 долларды құрады.

Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT