Мұнайдың әлемдік бағасы әртүрлі бағытта өзгерді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында жұма күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы әртүрлі бағытта өзгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Лондондағы ICE Futures биржасында тамыз айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың бағасы 0,18 долларға қымбаттап, барреліне 66,51 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) тамыз айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай құны 0,96 долларға төмендеп, бір баррелі 58,47 доллар болды.

Соңғы жаңалықтар