Мұнайдың әлемдік бағасы артты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында сейсенбі күні өткен сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Лондондағы ICE Futures биржасында шілде айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 1,04 долларға артып, 10,99 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) маусым айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай бағасы 0,74 долларға жоғарылап, бір баррелі 61,78 доллар болды.

Авторы Асхат Ахметбеков

Соңғы жаңалықтар