Мұнайдың әлемдік бағасы 90 доллардан асты

None
АНКАРА. Анадолы - ҚазАқпарат - Brent маркалы мұнай бағасы халықаралық биржада жұма күні баррелі 90,32 доллар болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.

Бейсенбідегі соңғы сауда-саттықта мұнай баррелінің құны 92,91 долларға жетіп, кешке 89,78 доллар болған еді.

18 қараша сағат 09:08-дегі (Астана уақытымен 06:08) жағдай бойынша мұнайдың эталон маркасының бағасы 0,60 процентке өсіп, баррелі 90,32 долларға жетті. WTI маркалы мұнай фьючерстері 82,31 долларға жетті. Мұнай бағасы басқа валюталарға қатысты доллар индексінің төмендеуіне байланысты төмендеп отыр.

Фото: aa.com.tr
Соңғы жаңалықтар