Мұнайдың әлемдік бағасы 80 долларға жуықтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон шикізат биржасында дүйсенбі күнгі сауда-саттықтың нәтижелері бойынша мұнайдың бағасы жоғарылады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Сауда қорытындысы бойынша, Лондонның ICE Futures биржасында қараша айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері барреліне 0,47 долларға көтеріліп, 78,01 долларды құрады.

3 қыркүйек күні Нью-Йорк тауар биржасында АҚШ-тың федералдық мерекесі - жыл сайын күздің алғашқы дүйсенбісінде аталып өтілетін Еңбек күнін мерекелеуге байланысты сауда жүргізілмеді. 

Соңғы жаңалықтар