Мұнайдың әлемдік бағасы 70 долларға дейін төмендеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон және Нью-Йорктің шикізат биржаларында сәрсенбі күнгі сауда-саттықтың нәтижесі бойынша мұнайдың бағасы айтарлықтай төмендеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Сауда қорытындысы бойынша, Лондонның ICE Futures биржасында қазан айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері барреліне 2,05 долларға арзандап, 70,61 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы жеңіл мұнайдың қыркүйек айындағы фьючерстерінің бір баррелі 2,03 долларға түсіп, 65,01 доллар болды.

Соңғы жаңалықтар