Мұнайдың әлемдік бағалары төмендеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұма күні Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында өткен сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Лондондағы ICE Futures биржасында қаңтарда жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,58 долларға арзандап, 58, 68 долларды құрады.

Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) қаңтар айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай бағасы 0,52 долларға төмендеп, баррелінің бағасы 50,93 доллар болды.

 

Соңғы жаңалықтар