Мұнайдың әлемдік бағалары өсіп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон және Нью-Йорк биржаларындағы электрондық сауда барысында мұнайдың әлемдік бағалары өсіп жатыр. Бұл сауда мәліметтері туралы Gazeta.ru хабарлайды.

Нью-Йорк сауда биржасында (NYMEX) WTI маркалы жеңіл мұнайдың маусым айындағы фьючерстері +0,55 пайызға, баға бір баррель үшін 49,60 долларға дейін өсті.

Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың жеткізіліммен бірге бағасы шілдеде 0,81 пайызға, бір баррель үшін баға 49,72 долларға дейін өсті.

Соңғы жаңалықтар