Мұнайдың әлемдік бағалары айтарлықтай төмендеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні Лондон мен Нью-Йорк шикізат биржаларында өткен сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағалары айтарлықтай төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Атап айтқанда, Лондондағы ICE Futures биржасында желтоқсанда жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 1,01 долларға төмендеп, 79,35 долларды құрады. 

Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) қараша айында жеткізілетін WTI маркалы мұнайдың фьючерстері барреліне 1,1 долларға өсіп, 68,65 долларды құрады. 

 

Соңғы жаңалықтар