Мұнайды отандық зауыттарға сатқан компаниялардың салығы екі есе төмендейді - Б. Сұлтанов

None
None
анның 14-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  -Қазақстанның ішкі нарығын жанар-жағармаймен қамтамасыз ету  мақсатында, шикі мұнайды отандық мұнай өңдеу зауыттарына сатқан компаниялар үшін салық екі есеге төмендейді. Осылайша Үкімет ішкі нарықтағы жанар-жағармай бағасын реттеуге қадам жасамақшы. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов осылай мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Естеріңізге сала кетейік, аталған норма «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында көрініс тауып отыр. Министрдің айтуынша, жоба бойынша жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу жөнінде де біршама  өзгерістер көзделеді. Мәселен, қосарланған салық салуды жою мақсатында өндіруге арналған келiсiмшарт бойынша қол қою бонусының төленбейтіндігі қарастырылған. Яғни, бұндай келісімшарттар бойынша коммерциялық пайда табу бонусы төленетін болады.         

«Биржалық тауарларға нарықтық бағаны анықтаудың бірыңғай әдістемесі әзірленеді. Бұл әдістемеде тауар бағасын белгілейтін халықаралық биржалардың тізімі беріледі. Және бағаларды жариялау көздері, бағаларды есептеу мен оларды ұлттық валютаға айырбастау тәртібі анықталады. Бұл әдістеме жер қойнауын пайдаланушылардың барлық арнайы төлемдерін есептеу үшін қолданылады. Сонымен бірге, жобада еліміздің ішкі нарығын жанар-жағармаймен толық қамтамасыз ету мәселесі де көзделіп отыр. Атап айтқанда, егер жер қойнауын пайдаланушы компания шикі мұнайды отандық мұнай өңдеу зауыттарына өзі немесе үшінші тұлға арқылы сатқан, немесе берген жағдайда оған салынатын салық екі есе (0,5 коэффициент) төмендейді», деді Б. Сұлтанов. Министрдің айтуынша, бұл шара алдағы уақытта елдегі жанар-жағармай бағасын тұрақтандыру мақсатында қолданылып отыр.

Соңғы жаңалықтар