Мұнай зауыттары ҚР бюджетін 54 млрд теңгеге толықтырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттары 2016 жылы 54 миллиард теңге салық төледі, деп хабарлады finprom.kz.

Мамандардың дерегіне сүйенсек, ағымдағы жылдың 10 айында мұнай өңдеу кәсіпорындары 2015 жылмен салыстырғанда 0,6%-ға артық өнім өндірген. Мұнай өңдеу мекемелеріндегі дайын өнім белсенділігіне деген сұраныс артып, кәсіпорын шығаратын өнімнің барлығы дерлік жүзеге асырылуда. Қоймадағы өндірілген бензиннің қалған көлемі қазан айында, осымен үшінші жыл 3 мың тоннадан аспаған. Дизель отынына деген сұраныс та өскен. Өндірушілердің қоймаларында 1,6 мың тонна қалып тұр. Былтырғы жылмен салыстырғанда қалған өнім көлемі 2 есе азайған. Дайын өнімді өндіру және бағамының өсуі тиісінше мұнай өңдеу кәсіпорындарының мемлекетке салық төлеу арқылы қайтарымын ұлғайтады. Аяқталмаған 2016 жылы үш қазақстандық МӨЗ мемлекеттік бюджетке сәйкесінше 54 миллиард теңге төлеген. 2015 жылдағы салық төлеу сомасынан 61% көбейген.

Айта кетейік, мемлекеттік бюджетке салық төлеу арқылы көмек беріп отырған  кәсіпорындардың бірі ПетроКазахстан Ойл Продактс (Шымкенттік МӨЗ). Мекеме 24 миллиардтан астам теңге, яғни 2015 жылмен салыстырғанда 2 есе көп қаржы төлеген. 

Соңғы жаңалықтар