Мұнай сервис компанияларын мемлекет меншігіне алу көзделіп отырған жоқ - ЭМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары іске асырылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Соңғы кезде бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде кейбір мұнай сервис компаниялары («Бұрғылау» ЖШС, «West Oil software» ЖШС, «Caspian Food» ЖШС, «Бозашы Транс құрылыс» ЖШС және басқалар) қызметкерлерінің олардың кәсіпорнын мемлекет меншігіне алуға қатысты, мысалы, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ немесе оның еншілес ұйымдары арқылы сатып алу туралы ақпарат жариялана бастады.

Осы ақпаратқа қатысты Энергетика министрлігі түсінік берді.

Мемлекеттің экономикадағы үлесін төмендету мәселелерін шешу - ел кәсіпорындарының бәсекеге қабілетін арттыру және салауатты бәсеке ортасын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстағы маңызды басымдық. Сондықтан мемлекеттік және квазимемлекеттік кәсіпорындарды бәсекелестік ортаға, оның ішінде мұнай-газ кешеніне беру бойынша белсенді жұмыс жалғасып жатыр.

Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес, «Самұрық-Қазына» холдингінің компаниялар тобы бойынша кезең-кезеңімен шамамен 40 кәсіпорынды жекешелендіру жоспарланған.

«Осыған байланысты мұнай сервистік компанияларын «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ сатып алу жолымен мемлекет меншігіне айналдыру көзделіп отырған жоқ» деп түсіндірді министрлік.

Өз кезегінде мердігер ұйымдардың әлеуметтік-еңбек жағдайын жақсарту үшін «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ тобының барлық периметрі бойынша тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар