USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

Мұнай саласындағы қондырғылар өндірісін жергіліктендіру: Министр жоспармен бөлісті

2021 жылғы 23 қараша 10:39
Бөлісіңіз:
Мұнай саласындағы қондырғылар өндірісін жергіліктендіру: Министр жоспармен бөлісті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев мұнай саласындағы қондырғылар өндірісін жергіліктендіру жоспарын ортаға салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Әлия Молдабекова мұнай нарығындағы ахуал жайында түсіндірді Көктемгі егіс науқанына қажет дизель жылдағыдан бір ай бұрын босатылады

«Жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі келесі бастама – ағымдағы жылы құрылған Мұнай-газ машинасын жасауды дамытудың халықаралық орталығы болып табылады.

Орталық жұмысының негізгі мақсаты – еліміздегі мұнай-газ саласы үшін тауарлар өндірісін жергіліктендіру. Ол үшін орталық жаңа өндірістер ашып, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған отандық тауар өндірушілердің мүмкіндіктерін кеңейтеді», - деді ол.

Ведомство басшысының айтуынша, аталмыш орталық саладағы операторлардың ұсынысы бойынша үш түрлі тауардың өндірісін жергіліктендіруді қолға алған. Олар:

- Бекіту арматурасы (клапандар);

- Электротехникалық жабдық;

- Бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика.

«Отандық өндірушілердің қажеттіліктері бойынша толық деректерге және тиісті мүмкіндіктерге талдау жүргізгеннен кейін қалған тауар топтары бойынша ұсыныстар енгізіледі», - деді министр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT