Мұнай саласын цифрландырудың қандай пайдасы бар

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Global Challenges Summit 2018 форумының екінші күні аясындағы сессиялардың бірінде ҚР Энергетика вице-министрі Болат Ақшолақов еліміздің мұнай саласын цифрландыру жайында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасында «Мұнайды есепке алу бағдарламасы» деп аталатын жоба бар. Бұл жобаның түпкі мәні мұнай мен мұнай өнімдерінің заңсыз айналымымен күрес саналады. Бұл жүйе өндіруден бастап жанармай құю стансасының пистолетіне дейінгі барлық циклді бақылау аспаптарын орнатуды қарастырады. Сәйкесінше, норма қазірдің өзінде заңда бар. Ендігі уақытта кен орындарында мұндай бақылау және есепке алу аспаптарын орнату мәселесі көтеріліп отыр. Егер кен орны интеллектуалды болса, онда бұл мәселе оңай шешіледі. Яғни, оларды бірыңғай жүйеге интеграциялау ғана қажет», - деді вице-министр.
null

Оның атап өтуінше, мұнайдың жасырын және заңсыз айналымы - бюджет үшін үлкен шығын, бұл қылмыс және ол әсіресе энергетика сынды сезімтал салада болмауы тиіс. Сондықтан бүкіл мұнай-газ саласының ашықтығын қамтамасыз ету үшін аталған бағдарламаға баса мән беріліп отыр. Бұған қоса, бұл жүйеге барлық жер қойнауын пайдаланушылар мен мемлекет мәліметтерінің бірыңғай жүйесі қосылады.

«Бұл бизнеске не береді? Біріншіден, шығыстардың қысқаруынан, қандайда бір жөндеу жұмыстары кезеңінде шығыстардың оңтайландырылуынан бөлек жоспардан тыс тексеру деп аталатын түсінік жойылады. Өйткені, Мемлекеттік кірістер комитеті де аталған мәліметтер базасында болады. Және де барлығы бір мәліметке сүйенеді. Сала жан-жақты цифрландыруды қажетсінеді. Әңгіме тек оның қашан жүзеге асырылатындығында болып тұр. Өкінішке орай, Қазақстанда, Ресейде және Әзербайжанда да шартты түрде 2-3 жылдық қана өмірі бар кен орнындары көп. Сондықтан да қомақты қаражатты қажет ететін мұндай шешімдерді оларға қолданудың қажет жоқ», - деді Болат Ақшолақов.

null

Соңғы жаңалықтар