+7 (701) 759 90 19
USD 377.86 EUR 418.74
RUB 6.10 CNY 54.50
Jańalyqtar

Мұнай өнімдерін шетелге автокөлікпен шығаруға тыйым салынды

2019 жылғы 6 желтоқсан 16:14
Бөлісіңіз:
Мұнай өнімдерін шетелге автокөлікпен шығаруға тыйым салынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Энергетика вице-министрі Әсет Мағауовтың айтуынша, бұйрық Энергетика, Қаржы, Ішкі істер министрліктері және Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесе бекітіліп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда тағы 5 мұнай бассейні зерттеледі Биыл Қазақстанда 90 млн тоннадан астам мұнай өндіріледі Қазақстан ОПЕК+ келісімі бойынша мұнай өндіруді қосымша қысқартуды қолдады

«Жалпы мұнай өнімдері нарығында жағдай тұрақты. Жанар-жағар май станцияларында тапшылық байқалмайды. 2019 жылдың 3 желтоқсанындағы жағдай бойынша еліміздің мұнай базаларындағы жанар-жағар май қалдықтарының саны ішкі нарықтың қажеттілігін жабуға жеткілікті болып отыр. АИ-92 бензинінің қоры – 182,3 мың тонна (16 күнге), ал дизель отынының қоры – 210 мың тонна (17 күнге). Қазіргі өндіріс ішкі тұтыну сұранысын толығымен жабады», - деді Әсет Мағауов Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында.

Вице-министрдің айтуынша, қазақстандық өндірістің жоғары октанды бензинін экспорттау үшін заңнамалық база толығымен дайындалған. Биыл маусым айынан қарашаға дейін 106,1 мың тонна экспортталған. Болашақта елдің елдің ішкі нарықтағы сұранысын қамтамасыз еткеннен кейін бос көлем болған жағдайда экспорт көлемін ұлғайту жоспарланып отыр.

«Бұл ретте шекаралас облыстарда мұнай өнімдерінің рұқсат етілмеген тасымалын болдырмау үшін Энергетика, Қаржы, Ішкі істер министрліктері Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, мұнай өнімдерін автокөлікпен шығаруға тыйым салу туралы бұйрықты бекітті. 2019 жылдың 3 желтоқсанындағы жағдай бойынша республикада АИ-92 бензинінің орташа бөлшек сауда бағасы – 148,1 теңге, дизель отынына – 193,3 теңгені құрайды», - деді ол.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT