Мұнай өнімдерін өткізу кезінде делдалдарға тосқауыл қою талаптары күшейтіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қолдану аясында Үкімет пен мемлекеттік органдардың өкілеттіктері кеңейтілмек.

Бұл туралы Парламент Мәжілісінде Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша заң жобасын таныстыру кезінде ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Абзал Әбдікәрімов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жанар-жағармай саласын реформалау блогына тоқталсақ, көтерме сауда арқылы жеткізушілерге қойылатын талаптарды қатаңдату жолымен, мұнай өнімдерін өткізу кезінде делдалдарға тосқауыл қоюды көздейтін түзетулер ұсынылды», - деді А. Әбдікәрімов.

Оның айтуынша, заң жобасы аясында бағаны мемлекеттік уақытша реттеу кезеңінде газ туралы заңнаманы сұйытылған мұнай газын бөлу бөлігіндегі өзгерістерге сәйкес келтіру ұсынылып отыр.

Мұнымен қоса, экономикалық жағдайды ескере отырып, кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу іс-шараларын белгілеуге бағытталған нормативтік құқықтық актілерді қабылдау мерзімдерін қысқартуды көздейтін түзетулер қарастырылған.

«Сондай-ақ кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қолдану аясында Үкімет пен мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін кеңейту ескерілген», - деді вице-министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Бүгін Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылды.


Қазақстанда креативті индустрия ұғымы заңнамалық тұрғыда бекітіледі.

https://kaz.inform.kz/news/kazakstanda-kreativti-industriya-ugymy-zannamalyk-turgyda-bekitiledi_a3946882


Соңғы жаңалықтар