Мұнай өнімдері жоспар бойынша жеткізіліп жатыр – ҚТЖ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ базасында энергетика саласының жүйе құраушы кәсіпорындарымен өзара іс-қимыл штабы жұмыс істеп тұр. Бұл туралы акционерлік қоғамның баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ базасында энергетика саласының жүйе құраушы өнеркәсіп кәсіпорындарымен (ЖЭО, ГРЭС, көмір және кен разрездері) өзара іс-қимыл бойынша штаб жұмыс істеп тұр. Қазіргі уақытта жылжымалы құрам үздіксіз цикл өндірістерін штаттық режимде қамтамасыз етіп отыр. Отын-энергетика кешені нысандарына мұнай өнімдерін жөнелту жоспар бойынша жүргізілуде», - делінген ұлттық компанияның мәліметінде.

«ҚТЖ» ақпараты бойынша, штаб өндірістік компаниялармен тұрақты байланыста жұмыс істеп тұр.

«Жылжымалы құраммен қамтамасыз ету және жүктерді жеткізу мәселелері жедел тәртіпте шешіліп жатыр», - деп жазады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Бұған дейін теміржол қызметкерлері бүлік кезінде зардап шеккендер үшін қан тапсырып жатқаны туралы жазғанбыз.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі төтенше жағдай режимі кезеңінде медициналық көмек көрсету және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша халыққа кеңес беретін 1406 байланыс орталығының қосымша номерлерін іске қосты: 8-7172-67-41-33, 8-7172-67-41-34, 8-7172-67-40-92.


Соңғы жаңалықтар