Мұнай өңдеу зауыты қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін 31 млн теңге айыппұл төлейді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау мұнай өңдеу зауытына қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін 31 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Наурыз айында «Атырау МӨЗ» ЖШС биологиялық тазарту қондырғыларын орнату бойынша жөндеу-профилактикалық жұмыстарға кіріскен. Тексеріс кезінде сарқынды суларды ағызудың қоршаған ортаға шығарылатын эмиссиялар нормативінен асып кеткені анықталды. Кәсіпорын ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің екі бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. Олар: 331-бап («Атмосфераға шығарындыларды тазалауға және сарқынды суларды ағызуға арналған жабдықты пайдалану қағидаларын бұзу, сондай-ақ оны пайдаланбау») және 328-бап («Экологиялық рұқсатта белгiленген, қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерiнiң асып кетуi не экологиялық рұқсаттың болмауы»)», - деп мәлімдеді Атырау облыстық экология департаменті.

Кәсіпорынға 31 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Бұдан тыс, экологтар кәсіпорынның ҚР экологиялық заңнамасын бұзу арқылы қоршаған ортаға келтірген залалының көлемін есептеп жатыр.



Автор: А. Соколов

Соңғы жаңалықтар