Мұнай өңдеу зауыттарын жөндеу жұмыстары кейінге шегерілмек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов елдегі мұнай өңдеу зауыттарын жөндеу жұмыстарының егіншілер үшін маңызды науқанмен қатар келмеуіне күш салынып жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мұнай өңдеу зауытттарының жөндеу мерзімін ауылшаруашылық тауар өндірушілерге дизель отынын жөнелту кезеңімен үйлестіру бағытында мынадай шараларды қолға алмақшымыз.

Ауылшаруашылық тауар өндірушілердің қажеттіліген керек дизельдік отынды жөнелту 2022 жылдың ақпан айынан басталады. Бұл көбінесе оңтүстік өңірлерге қатысты. Жыл сайын бұл мақсатқа 800-850 мың тонна бөлу жоспарланған. Бұл екі маусымға деген сөз. Яғни, егіс және орақ науқанына бағытталады», - деді министр.

Сондай-ақ ол биыл жөндеуден өтетін екі зауыттың жөндеу мерзімі шегерілетінін ескертті.

«Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытының жөндеу мерзімін 2022 жылдың қарашасынан 2023 жылға жылжыту мәселесі бойынша жұмыс жүріп жатыр. Ал Павлордадағы зауытты жөндеу мерзімін биылғы маусым айынан шілденің ортасына жылжыту көзделіп отыр. Яғни, жөндеу жұмыстары көктемгі егіс аяқталғаннан кейін ғана жөндеуге жабылуы керек», - деді Болат Ақшолақов.


Соңғы жаңалықтар