Мұнай қымбаттап, теңге нығайды - сарапшы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақпанның7-15 аралығында дамушы елдердің валюта нарығындағы ахуалда қарама-қайшылық орын алды. Мұндай пікірді «Альпари» ақпараттық-сараптамалық орталығы директорының орынбасары Наталья Мильчакова білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, валюталардың басым бөлігі долларға шаққанда біршама төмен құлдыраса кейбіреуілері, әсірсе посткеңестік кеңістік елдерінің валютасы нығая түсті. Brent маркалы мұнай бағасының апта ішінде жедел өсім (7,5 пйыз) көрсетуі мұнайға байланысы бар валюталардың өсіміне әсерін тигізбегенімен олардың күшейе түсуіне септігін тигізіп отыр.

«Бұл жолы да аталған кезеңде Қазақстан теңгесі өсім көшбасшысы болып тұр. Сонымен қатар, ол долларға жарты пайызға жетер-жетпес нығаюын көрсетті. Бразилия реалы мен үндінің рупийі де жарты пайызға жетер-жетпес нығайды. Апта ішіндегі ең көп құлдырау (-3,27) бұл жолы да оңтүстікафрикалық рэндке тиесілі. Құлдырауға желтоқсандағы өнеркәсіп өндірісінің өсіміне қатысты әлсіз деректермен қатар геосаяси ахуал да әсер етуі мүмкін», - деді ол.

Ал Аргентина песосы қаңтарда инфляция өсімінің 2,8 пайызға жетуіне байланысты 2,04 пайызға құнсызданды. Молдава лейі де елде 24 ақпанда өтетін парламенттік сайлау қарсаңында 0,23 пайызға құнын жоғалтты. Аталған кезеңде Ресей рубльінің де 0,55 пайызға арзандауы байқалады.

Ал Қазақстан теңгесі мұнай бағасының қарқынды өсуі мен еліміздің Ұлттық банкінің 2019 жылы инфляция 4,5 пайыз деңгейінде болатындығы туралы болжамы аясында нығая түсті.

«Біз рубльдің долларға бағамын қайта жаңартып, бір долларға 65,9-67 рубль, ал еуроға 74-75,5 рубль деңгейінде болжап отырмыз. Долларға қатысты теңге бағамының болжамын бір долларға 373-377, ал еуроға 425-430 теңгеге дейін төмендетті. Соған сәйкес рубль бағамына қатысты болжамымыз бір рубльге 5,63-5,66 теңгеге дейін төмендейді», - деді сарапшы.

Автор: Дамир Байманов

Соңғы жаңалықтар