Мұнай компаниялары Нигерия экологиясына 12 миллиард доллар зиян келтірді

None
Ашық көздерден алынған фото
АСТАНА.ҚазАқпарат - Нигерия мұнай компанияларынан көмірсутегін өндіру нәтижесінде елдегі қоршаған ортаға келтірілген зиянды өтеуді талап етеді. Келтірілген шығын 12 миллиард долларға бағаланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Нигерия елде жұмыс істейтін ірі мұнай компанияларынан ондаған жылдар бойы елді ластағаны үшін ақы төлеуді талап етеді. Халықаралық сарапшылар комиссиясының тергеу нәтижелері Нигер сағасының (елдің оңтүстігіндегі Нигер өзенінің сағасында халық көп шоғырланған аймақ) жарты ғасырлық көмірсутек өндіруден туындаған нағыз адами және экологиялық апаттың сахнасына айналғанын көрсетеді. Бұл аймақтағы ластану 1989 жылғы Аляска жағалауындағы «Эксон Вальдес» танкерінен мұнайдың төгілуінен 50 есе жоғары.

1950 жылдары мұнай табылған және Shell мен Eni ондаған жылдар бойы жұмыс істеп келе жатқан Африкадағы Байелса штатында жағдай өте ауыр.

«Мен бұл есеп жағдайды өзгертеді деп үміттенемін, өйткені әлемдегі көптеген адамдар мұндай деңгейдегі зұлымдықтардың Нигер сағасы мен Байелса штатында жасалып жатқанын білмейді. Бұл есепте Shell, Chevron, Agip, elf және басқалардың ондаған жылдар бойы жасырып келгені туралы ақпарат ашылады», - дейді Байелса штатындағы басшылар кеңесінің төрағасы Рей Бубарайе Даколо.

Тергеу мәліметтері бойынша, Байелса штатындағы қоршаған ортаға келтірілген зиянды жою Нигерия билігі мұнай компаниялары төлеуі керек деп санайтын кем дегенде 12 миллиард долларды құрайды.


Соңғы жаңалықтар