+7 (701) 759 90 19
USD 412.10 EUR 454.34
RUB 5.82 CNY 57.62
Jańalyqtar

Мұнай-газ саласында қанша жұмысшы қысқартылды

2020 жылғы 18 мамыр 18:30
Бөлісіңіз:
Мұнай-газ саласында қанша жұмысшы қысқартылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов мұнай мен газ саласында қанша жұмысшы қысқартылғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз жағдайды тұрақты бақылап отырмыз. 13 мамырдағы жағдай бойынша жалақысы сақталмайтын демалыстағы жұмысшылардың саны 500-ге жуық адам. Сонымен қатар, толық емес жұмыс күнімен қамтылған 398 адам болса, жалақы төлеміне қатысты жұмысы уақытша тоқтаған 2 200 адам тіркелді. Яғни, жаппай тікелей қысқартулар болмағанын көріп тұрмыз. Атап айтқанда, мұнай саласында 40 адам қысқартылған, сондай-ақ өздерінің шешімімен 90 адам қызметінен кеткен», - деді вице-министр бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның атап өтуінше, жұмыс орындарын сақтап қалуға байланысты тиісті шаралар атқарылатын болады.

«Мониторинг аясында облыс әкімдіктері ірі компаниялармен кешенді жоспарларды әзірледі. Осы орайда жұмыс орындарын сақтау бойынша мұнай және газ компанияларымен жаңа меморандумдарды бекіту ескеріліп отыр. Сонымен қатар, жұмысшылардың еңбек құқықтарын сақтауға қатысты қадағалау шаралары күшейтілді», - деді Әсет Мағауов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT