Мұнай-газ машинасын жасауды дамыту жөніндегі халықаралық орталық құрылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мұнай-газ машинасын жасауды дамыту жөніндегі халықаралық орталық құрылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта министрлік мұнай-газ саласындағы жергілікті қамту үлесін ұлғайтуға мүмкіндік беретін екі бастаманы жүзеге асыруда. Біріншісі - Шеврон компаниясымен бірігіп жергілікті қамтуды дамытудың тікелей инвестициялар қорын құру. Екіншісі - мұнай-газ машинасын жасауды дамыту жөніндегі халықаралық орталық құру», - деді министр.

Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, 10 жыл ішінде еліміздің жалпы ішкі өніміне жергілікті қамтуды дамытудың тікелей инвестициялар қоры қызметінің оң әсері шамамен 642 млн АҚШ долларын құрайтын болады.

«Ал халықаралық орталық 3 ірі оператордың, атап айтқанда НКОК, КПО және ТШО-ның қажеттілігі үшін тауарлар өндіру мен көрсетілетін қызметтерді жеткізуде сервистік компаниялардың, жергілікті өндірушілердің қатысуына мүмкіндік береді», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар