Мұнай баррелі 100 долларға жете ме - сарапшының пікірі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Сергей Домнин мұнай бағасының қымбаттау ықтималдығына қатысты пікірімен бөлісті.

«Қазір бағалар 2014 жылдың күзіндегі мөлшерге қайтып оралуда. Оған Иранға енгізілген америкалық санкциялармен аталмыш елден жеткізілімдерге шектеу қойылудан нарықта тапшылық туындауы мүмкін деген трейдерлердің қаупі, сондай-ақ Венесуэладағы өндіріс проблемалары себеп болуда», - деді Сергей Домнин ҚазАқпарат тілшісіне.

Оның айтуынша, осы қауіптердің еселенуіне байланысты екі-үш апта ішінде Brent маркалы мұнайдың баррелі 90 долларға дейін жетуі мүмкін.

«Қысқа аралықта мұнайдың 100 долларға көтерілу ықтималдылығы өте аз», - деді ол.

Сергей Домнин атап өткендей, бағаның күрт қымбаттауы мұнай картелі көздеп отырған нарықтағы үйлесімді бұзуы мүмкін. Баға өсіміне жауап ретінде ОПЕК+ квота бөліп, баланс қайта қалпына келмек.

«Жақын жылдары мұнайдың бағасы келесі факторларға байланысты құбылатын болады. Олар: ОПЕК+ беретін шикізат квотасының өзгеруі, Иранға қатысты санкциялық режім, тақтатас мұнайы жобаларының шикізат деңгейі мен АҚШ қорының деңгейі», - деп атап өтті Сергей Домнин.

Сарапшының пікірінше, ұзақмерзімді келешекте қара алтын бағасының бірқалыпты төмендеуі байқалады. Себебі, бірқатар экономика өндірілетін отыннан жаңғыртылатын энергия көздеріне көшіп келеді.

Айта кетсек, осы дүйсенбіде Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың бағасы 81 доллардан асып түсті. Мұндай баға 2014 жылдың қарашасынан алғаш тіркелді. Кешегі сауда-саттықтың нәтижесі бойынша, мұнай бағасы тағы көтерілді.

 

Соңғы жаңалықтар