Мұнай бағасының төмендеуі тұрғысында ШЫҰ Энергетикалық клубы үшін жаңа мүмкіндіктер ашылып отыр - РФ Премьер-Министрі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мұнай бағасының төмендеуі тұрғысында ШЫҰ Энергетикалық клубы үшін жаңа мүмкіндіктер ашылып отыр. Бұл туралы бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше-мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің кеңейтілген отырысында РФ Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведев мәлім етті.

«Әлемдік шикізат нарықтарында, бірінші кезекте көмірсутектер шикізаты - мұнай мен газ нарығындағы ағымдағы ауытқуларды ескере отырып, Энергетикалық клуб үшін жаңа мүмкіндіктер ашылып отыр. Энергетикалық қауіпсіздік мәселелерін қарастыру үшін және нарыққа барлық қатысушылардың, яғни өндірушілерді, транзиттік мемлекеттерді және энергия ресурстарын тұтынушылардың ұстанымдарын жақындастыру үшін бұл алаңды белсенді пайдалану керек», - деді РФ Үкімет басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, ШЫҰ Энергетикалық клубы өткен жылдың желтоқсанында құрылған болатын.

Соңғы жаңалықтар