Мұнай бағасына қатысты болжамдар әртүрлі - БАҚ

None
БАКУ. ҚазАқпарат – Дүйсенбі күні WTI маркалы мұнай фьючерсі барреліне $79 асты, ал Brent мұнайы $85,1 шамасында саудалануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Trading Economics порталына сілтеме жасап.

Америкалық мұнай бенчмаркі өткен аптада 8% аса өсті, себебі Қытайдағы COVID-пен күрес шаралары жанданып, экономикалық белсенділік пен мобильділіктің артатынына үміт пайда болды.

Дегенмен сарапшылар биыл мұнайға деген сұраныс рекордтық көрсеткішке жетеді деген болжам жасады. Сұраныстың қалпына келуі мүмкін екенін меңзейтін Қытайдың оптимистік мәліметтерінен бөлек, 5 ақпанда күшіне енетін ресейлік мұнай өнімдерінің экспортына қойылған шектеулер ұсынылған бағаны қолдады. Дегенмен инвесторлар жаһандық рецессиядан қауіптеніп сақтық танытып отыр. Себебі АҚШ-тың ірі банктері биыл экономикалық перспективаның нашарлауынан қорғаныс ретінде резервтерін арттырып жатыр. Инвесторлар сейсенбі күні шығатын нарық перспективасы туралы ОПЕК есебін және оның артынша жарияланатын ХЭА есебін күтіп отыр. Өткен аптада АҚШ Энергетика министрлігі мұнай нарығына қатысты жаңа болжамын ұсынды. Болжамда Brent бағасы 2023 жылы $9,3-ға яғнм барреліне $83,1 дейін төмендеген.

Автор: Серікбол Қошмағанбетов

Фото: www.reuters.com



Соңғы жаңалықтар