Мұнай бағасы төмендеп кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Лондон мен Нью-Йорк шикізат биржаларында бейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Лондондағы ICE Futures биржасында қыркүйек айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 1,01 долларға құлдилап, 62,59 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы жеңіл мұнайдың тамыз айындағы фьючерстері бір баррелі 1,48 долларға арзандап, 55,3 долларды құрады.

Соңғы жаңалықтар