+7 (701) 759 90 19
USD 435.54 EUR 473.08
RUB 5.76 CNY 61.64
Jańalyqtar

Мұнай бағасы соңғы үш жылдағы ең жоғары деңгейге көтерілді

2018 жылғы 10 мамыр 00:04
Бөлісіңіз:
Мұнай бағасы соңғы үш жылдағы ең жоғары деңгейге көтерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ-тың Иранмен ядролық келісімнен шығатыны жөніндегі мәлімдемесінен кейін мұнай бағасы сәрсенбіде соңғы жылдардағы ең жоғарғы шегіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат BusinessInsider сілтеме жасап.

WTI маркілі мұнай 2,8% қымбаттап, барреліне 71,17 АҚШ доллары белгіленді. Бұл - 2014 жылдың қараша айынан бергі ең жоғары көрсеткіш.

Brent маркалы мұнайдың бағасы да соңғы үш жылдағы ең жоғары деңгейге жетті, ол 2,8% өсіп барреліне 77,20 доллар болды.

Трамп мәлімдемесінде АҚШ Тегеранға қатысты «барынша қатаң экономикалық санкцияларды» қалпына келтіретінін атап өткен. Бұл жүз мыңдаған баррель мұнайдың саудасына кедергі келтіреді.

Иран ОПЕК мүшелерінің ішінде мұнай өндіру көлемі жағынан үшінші ел. Ол әлемдегі мұнайдың 5% жеткізеді. 2012 жылы АҚШ Иранға қатысты экономикалық снакцияларды күшейткен соң әлемдегі мұнай бағасы 15% өсіп, елдегі мұнай өндіру тәулігіне бір миллион баррельге қысқарған болатын.

Автор: Алмас Жексенбеков

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Әлем, Мұнай,
Бөлісіңіз:

Автор:

Жәнібек Амангелді

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT