Мұнай бағасы құбылып тұрғанымен, полимердің бағасы тұрақты - министрлік

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мұнайға отын ретіндегі сұраныс бәсеңдесе де, өңдеу шикізаты ретінде құндылығын жоғалтпайды. Мәжілісте өтіп жатқан саланы дамыту туралы отырыста ҚР Энегргетика министрі Нұрлан Ноғаев осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі таңда әлемдегі мұнай-химия қажеттіліктері үшін көмірсутек шикізатын тұтыну үлесі шамамен 35%-ды құрайды. Ал 2050 жылға қарай ол көрсеткіш 50% дейін жетеді деп болжануда. Бұл ретте, ол Қазақстанда 0,2% -ға тең. Мұнай бағасының жоғары құбылмалылығына қарамастан, полимер өнімдерінің бағасы (полиэтилен мысалында) тұрақты және бұл тренд болашақта да сақталады», - деді министр.

Ведомство басшысы келешекте мұнай-газ-химия саласы мұнай мен газды тұтынудың драйвері болады деген болам айтты.

«Мұнай-газ-химиялық өнімдерді қайталап өңдеген сайын, бастапқы шикізатпен салыстырғанда соңғы өнімнің құны 15 есеге дейін аратады. Сарапшылардың айтуынша әлемдік энергия теңгеріміндегі жаңартылатын энергия көздері үлесінің серпінді өсуін және көмірсутектерге отын ретінде сұраныстың болжамды төмендеуін ескере отырып, перспективада көмірсутек шикізаты негізінен мұнай-газ-химия өнімдерін шығару үшін пайдаланылатын болады», - деді Нұрлан Ноғаев.


Соңғы жаңалықтар