Мұнай бағасы құбылып тұр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні Лондон мен Нью-Йорк биржаларында өткен сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы әр түрлі бағытта өзгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Лондондағы ICE Futures биржасында ақпанда жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,59 долларға төмендеп, 61,31 долларды құрады.

Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) қаңтар айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай бағасы 0,03 долларға қымбаттап, баррелінің бағасы 53,25 доллар болды. 

Соңғы жаңалықтар