Мұнай бағасы едәуір қымбаттады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында бейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы айтарлықтай көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Лондондағы ICE Futures биржасында тамыз айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың бағасы 2,43 долларға қымбаттап, 64,7 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) шілде айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай құны 2,89 долларға көтеріліп, бір баррелі 56,65 доллар болды.

Соңғы жаңалықтар