Мұнай бағасы бір баррель үшін 32 доллардан төмендеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мұнай бағалары дүйсенбі күні таңертең көрсеткен белсенді өсімнен кейін қайта төмендей бастады. Brent маркалы мұнайдың бағасы бір баррель үшін 32 доллардан төмен көрсеткішке жеткен.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 11:25-тегі жағдайға сәйкес, солтүстіктеңіздік Brent маркалы мұнай қоспасының наурыздағы фьючерстерінің бағасы 2,99 пайызға - бір баррель үшін 31,89 долларға дейін төмендеген (таңертең белгіленген бағасы - 33,6 доллар көлемінде болған еді). WTI маркалы мұнайдың наурыздағы фьючерстерінің бағасы 2,53 пайызға төмендеп, бір баррель үшін 31,37 долларды құраған, деп жазады РИА Новости.

Соңғы жаңалықтар