Мұнай бағасы барреліне 98 доллардан төмендеді

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат – Жұма күнгі сауда-саттықта мұнай бағасының төмендеуі жеделдей түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Turan-ға сілтеме жасап.

Мәселен, Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың қазан айындағы фьючерстері 12 тамызда барреліне 1,71 долларға (1,69%) арзандап, 97,92 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) қыркүйекке арналған WTI фьючерстерінің баға белгіленімі 12 тамызда 2,04 долларға (2,16%) төмендеп, барреліне 92,3 доллар болды.

Бұл екі бренд бағасы бір апта бұрын шамамен 9% төмендегеннен кейін апта басында қайта қымбаттады. Мұнай нарығы үшін оң фактор болған мәселе – АҚШ-тың күшті статистикалық деректері. Мәселен, инфляция баяулайтыны және еңбек нарығы күшті болып қалатыны инвесторларға үміт берді.

Goldman Sachs болжамынша, бензин мен мұнай бағасы жыл соңына қарай қайтадан көтеріледі. Себебі нарық артып отырған сұраныс пен шектеулі ұсынысты әлі де теңестіруі керек.

Brent фьючерстері барреліне 130 долларға дейін көтерілуі мүмкін және АҚШ-тың бөлшек саудадағы бензин бағасы шамамен бір галлон үшін 5 долларға (3,78 литр) қайта оралуы ықтимал, деді Goldman энергетикалық зерттеулер жөніндегі директоры Дэмиен Курвалин Bloomberg агенттігіне берген сұхбатында.


Соңғы жаңалықтар