Мұнай бағасы айтарлықтай арзандады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон және Нью-Йорктің шикізат биржаларында сәрсенбі күнгі сауда-саттықтың нәтижесі бойынша мұнайдың әлемдік бағасы айтарлықтай төмендеп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сауда қорытындысы бойынша, Лондонның ICE Futures биржасында қаңтар айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 1,04 долларға арзандап, барреліне 70,96 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың желтоқсан айындағы фьючерстерінің бір баррелі 1 долларға төмендеп, 60,67 долларға жетті. 

Соңғы жаңалықтар