Мұнай бағасы арзандады

None
БАКУ. ҚазАқпарат – Дүйсенбі күнгі көрсеткіш бойынша мұнай бағасы арзандады. Әлемдік мұнай өндірушілер осы аптада өндіріс көлемін өзгеріссіз сақтайды деп болжайды, ал инвесторлар Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (МЭЕҰ) мен АҚШ-тың Федералды резерв жүйесінің (ФРЖ) отырысын күтіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Лондондағы ICE Futures биржасындағы наурыз фьючерстерінің бағасы Баку уақыты бойынша сағат 10:00-ге дейін барреліне $86,08 құрайды, бұл алдыңғы сессияның жабылу бағасынан $0,58 (0,67 %) төмен.

Нью-Йорк тауар биржасының (NYMEX) электронды нарығында наурыз айына арналған WTI мұнай фьючерстерінің бағасы осы уақытқа дейін барреліне $79,15 болса, бұл алдыңғы сессияның қорытынды мәнінен $0,53 (0,67 %) төмен.

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (МЭЕҰ) мен одақтастардың кездесуі 1 ақпанда өтеді деп жоспарланып отыр.

Алайда сарапшылар бұл жиынның қазіргі мұнай саясатына әсер етуі екіталай деп болжайды.

1-10 ақпаннан бастап Ресейдің Балтық порттарынан (Усть-Луга, Приморск және Новороссийск) Urals, KEBCO және Siberian Light сияқты шикі мұнай экспортының артуы туралы болжам соңғы үш аптада алғаш рет тіркелген Brent және WTI эталондары құнының төмендеуіне әкелді.

National Australia Bank мәліметінше, осы аптадағы отырыста МЭЕҰ өндірісінде ешқандай өзгерістер жарияланбайды және АҚШ ФРЖ-ның болжам бойынша түсініктемелері болашақта болжамның негізгі факторы болады.

1 ақпанда Федералды резерв жүйеcінің отырысы қарсаңында нарық АҚШ-тың Орталық банкі ставканың өсуін 50-ден 25 базистік тармаққа дейін төмендетеді деп күтеді. Бұл әлемдегі ең ірі мұнай өнімі - жанармайға деген сұранысты шектейді.

Мұнай бағасы өткен демалыс күндері Иран инфрақұрылымына жасалған шабуылдан кейін Таяу Шығыстағы шиеленіс жағдайында, сондай-ақ коронавирус шектеулерінің әлсіреуіне байланысты Қытай экономикасының қайта жандануымен көтерілді.

Бұл қара алтынға деген сұраныстың артуына ықпал етіп отыр.

Фото: aa.com.tr




Соңғы жаңалықтар