Мұнай бағасы арзандады
2018 жылғы 7 қыркүйек 09:35

Мұнай бағасы арзандады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон және Нью-Йорктің шикізат биржаларында бейсенбі күнгі сауда-саттықтың нәтижесі бойынша мұнайдың бағасы төмендеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Сауда қорытындысы бойынша, Лондонның ICE Futures биржасында қараша айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері барреліне 0,53 долларға арзандап, 76,56 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы жеңіл мұнайдың қазан айындағы фьючерстерінің бір баррелі 0,95 долларға арзандап, 67,77 доллар болды.

Jańalyqtar

MURAǴAT