Мұнай бағасы 2010 жылы барреліне 50 доллар, 2011 жылдан бастап 60 доллар деңгейінде болады деп болжануда - Б. Сұлтанов

None
None
sp;Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бюджет жобасында мұнайдың әлемдік орташа бағасы 2010 жылы 50 доллар, 2011 жылдан бастап 60 доллар деңгейінде болады деп болжануда. Бұл туралы бүгін ҚР Парламент Мәжілісінде «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын таныстыру барысында Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов  мәлім етті,

  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрдің айтуынша, республикалық бюджет жобасын әзірлеу кезінде экономиканың орта мерзімді кезеңдегі дамуы базалық сценарий негізінде алынған. «Базалық сценарий бойынша, 2009 жылғы әлемдік жалпы ішкі өнімнің құлдырауынан кейін халықаралық ұйымдардың болжамы бойынша 2010 жылдан бастап әлемдік экономика біртіндеп жанданады және қалпына келтіріле бастайды деп күтілуде. Осындай әлемдік экономиканың қалпына келуіне және энергия ресрустары мен шикізатқа деген сұраныстың біртіндеп көтерілуіне байланысты мұнайға және металға деген баға бірте-бірте арта түседі деп болжанады.  Біз әлемдік конюнктураның жиі өзгеретінін және әлемдік бағаның тұрақсыздығын еске ала отырып, мұнайдың әлемдік бағасының деңгейіне қатысты барынша консервативті болжамды негізге алып отырмыз. Осыған орай мұнайдың (бренд маркасының) 1 барреліне әлемдік орташа баға 2010 жылы 50 АҚШ доллары деңгейінде болады деген болжамға негізделген. Ал 2011 жылдан бастап мұнайдың әлемдік бағасы 60 АҚШ долларына дейін көтеріледі деп болжануда», деді министр Б. Сұлтанов.

Соңғы жаңалықтар