Мұнарадан мысықты құтқарған астаналық елді сүйсіндірді

None
Видеодан алынған кадр/instagram.com/astanovka98
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астана қаласында мешіт қызметкері мұнараның үстіне шығып, кері түсе алмай тұрған мысықты құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астаналық ер адамның қайырымды ісі туралы видео әлеуметтік желіде жарияланды.

«Мұнараның шектеуіне шығып түсе алмай тұрған мысық құтқарылды. Оқырмандардың айтуынша, мысықты мешіт қызметкері алып түсті», - деп жазылған бейнеролик астында.

Сондай-ақ, желідегі жарияланым астында оқырмандар ер адамның әрекетіне разы болып, жылы лебіздерін білдірген.

«Алла разы болсын!», «Осындай қайырымды адамдарды сыйлаймын», «Құтқарушыға мың алғыс, жарайсың!», «Барлық адам осындай қайырымды болса», «Негативтерді жариялай бермей осы секілді қайырымды істер туралы жиі жазу керек», «Жарайсың», «Жануарларға мейіріммен қарап, көмектесу керек», «Алла жарылқасын, рақмет саған құтқарушы жан», «Міне азамат» деген пікірлер қалдырылған.

Соңғы жаңалықтар