Мүмкіндік болса кеңседе емес, үйде отырып жұмыс істеңіздер - Елжан Біртанов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов «жеке карантин» жайында пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен министр ретінде ғана емес, ең алдымен коронавирус эпидемиясының қауіп-қатерін жақсы түсінетін және азаматтардың денсаулығы үшін ерекше алаңдап жүрген адам ретінде сіздерге өтініш жасамақпын. Дәл қазір жауапкершілікті мойнымызға алып, әрқайсымыз «жеке карантин» ережелерін мұқият үйренер және оны өмір салтына айналдырар кез келді. Ал індетті жұқтырып алмау үшін қарапайым ғана шараларды сақтасаңыздар болғаны», - деп жазды министр әлеуметтік желідегі парақшасында.

«Жұмыста, көлікте, көшеде, дүкенде және басқа жерлерде мүмкіндігінше арақашықтықты сақтаңыз. Егер мүмкіндік болса кеңседе емес, үйде отырып жұмыс істеуге тырысыңыз. Туыс-достармен онлайн, видео-қоңырау және өзге де жаңа технологиялардың көмегімен байланыс орнатыңыз. Қоғамдық орында маска тағып жүріңіз, сондай-ақ қолды кем дегенде 20 секунд сабынмен жиі жуып, санитайзермен сүртіңіз. Өзіңіздің және отбасы мүшелерінің температурасын жиі өлшеп тұрыңыз», - деп түсіндірді ведомство басшысы.

Осы орайда Е. Біртанов дәл осы шаралар наурыз, сәуір және мамыр айларында төтенше жағдай кезіндегі карантинде көп көмектескенін атап өтті.


Соңғы жаңалықтар