Мүмкіндігі шектеулі жандарға емделу үшін шипажайды өзі таңдау құқығы беріледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2019 жылы Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі жандарға емделу үшін шипажай таңдау құқығы беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Таңдауды азаматтың өзіне беруге қатысты тиісті жағдай жасау жоспарланып отыр. Бүгінде бұл рәсім мемлекеттік сатып алуларға тиесілі, яғни қандай шипажай шықса, мүгедек жандар сол шипажайға барады. Мысалы, жүрек ауруына тап болған мүмкіндігі шектеулі жан қимыл-тірек аппараты бойынша шипажайға жіберілуі мүмкін», - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова.

Осы орайда М. Әбілқасымова алдағы жылы бұл бағыттағы жүйе өзгеретінін атап өтті.

«Алдағы жылы таңдау жасау құқығы баратын адамның өзіне беріледі», - деп нақтылады ведомство басшысы.

Оның сөзінше, аталған жаңашылдықтар аясында қызмет көрсету сапасы едәуір артады деп күтілуде.

Бұдан бұрын хабарланғандай, зейнеткерлер мен мүгедектер 2019 жылдан бастап шипажайда емделуге электронды түрде жазылады.

Соңғы жаңалықтар