+7 (701) 759 90 19
USD 425.05 EUR 509.29
RUB 5.58 CNY 64.66
Jańalyqtar

Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін мемлекеттік ынталандыру тетіктері қарастырылуы керек - Президент

2020 жылғы 22 қазан 12:48
Бөлісіңіз:
Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін мемлекеттік ынталандыру тетіктері қарастырылуы керек - Президент

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше қажеттілігі бар адамдарды қолдау жұмысы маңызға ие екенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет инклюзивті білім беру саласына, кедергісіз орта қалыптастыруға, мүмкіндігі шектеулі жандарға инфрақұрылымның қолжетімділігін арттыру мәселелеріне көбірек назар аудара бастады. Алайда осы шаралардың қабылданғанына қарамастан бұл мүмкіндігі шектеулі жандардың қажеттігін толық қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз болып отыр. Бұл ретте мемлекет пен әкімдер жүйелірек жұмыс жүргізуі керек. Оларды мемлекеттік тұрғыда ынталандыру тетіктері қарастырылуы керек деп санаймын. 2022 жылы Қазақстан қабылдаған Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияның факультативті хаттамасы ратификациялануы керек деп есептеймін», - деді Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.

Айта кетсек, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев балаларды түрлі жәбірден, интернеттегі қудалау мен арандатудан қорғау үшін Ұлттық мониторинг механизмін енгізуді тапсырған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT